click below
click below
Normal Size Small Size show me how
§15. Иран. Ауғанстан
| Question | Answer |
|---|---|
| 1914 жылы түрік әскерлері Иран, Әзірбайжан аудандарына басып кіріп, қандай қалаларды иеленді? | Хой, Урмия, Тебриз |
| Нешінші жылы орыс әскерлері түріктерді Әзірбайжаннан қуып шықты? | 1915 жылы |
| Иран экономикасының құлдырауы неге әкеліп соқтырды? | Халық арасында жұқпалы аурулар тарады, аштық жайлады. |
| Көшек хан төңірегіне жиылған партизан жасақтары не деп аталады? | Жыңғылдықтар (жыңғыл - орман) |
| Ақ гвардияшыл әскерлерді қуып келген Қызыл Армия бөлімдері қай жерге келіп жетеді? | Иранның Энзел портына |
| Каспий теңізі флотилиясының бастығы кім? | Фёдор Фёдорович Раскольников |
| Болшевиктер партиясы Кавказ бюросы орталық комитетінің төрағасы кім? | Серго Орджоникидзе |
| Қашан Гилян Республикасы жарияланды? | 1920 жылы 5 маусымда |
| Қашан Гилян Кеңес республикасы жарияланды? | 1921 жылы 4 тамызда |
| Қашан Иран Германияға соғыс жариялады? | 1943 жылы 9 қыркүйекте |
| 1925 жылы қай әулет биліктен кетті? | Каджар шах әулеті |
| Каджар шах әулетінен кейін билік басына кім келді? | Полковник Реза хан Пехлеви |
| Реза шахтан кейін билік басына кім отырды? | Мохаммед Реза Пехлеви |
| Аманулла хан үкімет басына қандай жағдайда келді? | Ауғанстан халқының азаттық күресі ағылшын империалистерінің дұшпандық әрекетіне қарамастан пісіп-жетілу үстінде болды. |
| 1929 жылы қазанда кімді Ауғанстанның патшасы деп жариялады? | Нәдір ханды |
| Жергілікті әскер басшылары тікелей кімге бағындырылды? | Әскери министрге |
| Ауғанстанда нешінші жылы құлдықты жою туралы заң қабылданды? | 1921 жылы |
| Ауғанстанда 1923 жылы не қабылданды? | Жаңа Конституция |
| Ескі тайпалық жасақтар таратылып, оның орнына не құрылды? | Тұрақты армия бөлімдері |
| Қандай көмектің арқасында Ауғанстанда бірнеше жеңіл өнеркәсіп орындары салынды? | КСРО елінің тікелей қаржы және техникалық көмегінің арқасында |