click below
click below
Normal Size Small Size show me how
Қарахан мемлекеті
Қазақстан тарихы
| Сұрақ | Жауап |
|---|---|
| Қарахан мемлекетінің орталығы? | Баласағұн |
| Қарахан мемлекетінің негізін салушы? | Сатұқ Боғра-хан |
| Сатұқ Боғра-хан саманилерден қолдау тауып, кімді жеңді? | Оғұлшақ |
| Мемлекеттің құрылуында басты рөл атқарған тайпа? | Қарлұқ |
| Негізгі билеушілері қай тайпадан шығып отырған? | Яғма |
| Жікіл тайпасынынң тотемі? | Арыстан |
| Яғма тайпасының тотемі? | Бура |
| Ханның мемлекеттік саяси-әкімшілік іс жүргізетін орны? | Орда |
| Жер иеленудің бір түрі? | Иқта |
| Жер иеленушілер? | Муқта |
| Қай жерлерден салық алынбайды? | Вақф |
| Отырықшы аудандарда шаруаларды қанаудың бір түрі - олардың үлеске алған жерлерінен алым-салық жинастырып отыру. араб, парсы деректерінде ондай үлескерлерді қалай атаған? | Музари немесе барзигар |
| Әлсіз адам өз үлесіндегі жерді күштінің қамқорлығына береді, ол әлсіз адамды қорғауға тиіс. Бұл қанаудың түрі қалай аталады? | Комменданция |
| сатұқ Боғра-хан өлген соң, орнына кім отырды? | Мұса |
| 960-990 жылдары хан болған кім? | Әли Арслан |
| Испиджабты ешбір қарсылықсыз басып алған хан? | Хасан Боғра-хан |
| Хотанды кім және қашан басып алған? | Хасан Боғра-ханның баласы баласы Жүсіп, 992 жылы |
| Мауараннахрға кім және қашан жорыққа аттанған? | Әли Арсланның баласы, Насыр ибн Әли, 996 жылы |
| 1040 жылы тамғаш Бурахан атағын қабылдаған кім? | Ибраһим ибн Насыр |
| Қарахан мемлекеті дербес екі иелікке бөлінгеннен кейін, өзара алауыздығын пайдалана біліп 1089 жылы Батыс хандықтың орталығы Самарқанды, одан соң Бұхараны басып алған кім? | Салжұқ сұлтаны Мәлік шах |
| Қаратылайлар қай жылы Қатуан даласында салжұқтар мен қарахандарды ойсырата жеңеді? | 1141 жылы |
| Қарахандықтар қай қалада өздерінің төл ақшаларын шығарған? | Самарқан мен Үзкент |
| Қарақытайларға соққы берген кім? | Текеш билігі кезіндегі Хорезм мемлекеті |
| Батыс иелікті біржолатақұлатқан кім? | Хорезм шахы Мұхаммед |
| Шығыс иелікті басып алған кім? | Найман ханы Күшілік хан |