click below
click below
Normal Size Small Size show me how
География
Сұрақ-жауап
Question | Answer |
---|---|
1. Таудың етегінде температура +20 , шыңында -16 болса, таудың биіктігі қандай? Есептеу жолын көрсет. | Таудың биіктігі 6 километр |
2.Ешқашан қосылмайтын екі ағыс қайда орналасқан? | Жерорта теңізі мен Атлант мұхиты суының Гибралтар бұғазында бір-бірімен тоғысатын жері |
3. Ұшақ 3 км биіктікке көтерілді, егер жер бетіндегі қысым 750 мм.с.б болса, ұшақтың сыртында қанша қысым? | у = х - h/12 у = 750 - 3000/12 = 750 - 250 = 500 мм сын |
4. Оңтүстік американың ең үлкен көлі? | Титикака Теңіз деңгейінің 3812 м биіктіктегі көл Ауданы 3800км Тереңдігі 304 м |
5. Француздар Шин елі деп қай елді атаған? | Цин империясы деген сөзбен Щин деген ұқсас, Яғни Қытайды солай атаған |
6. Ұлы географиялық ашулар кезеңі қай жылдар, не себепті солай аталды? | Ұлы географиялық ашылулар, Ұлы географиялық жаңалықтар — 15 ғ-дың соңы мен 17 ғ-дың ортасы аралығында еуропалық саяхатшылардың жаңа жерлерді, құрлықтар мен аралдарды, мұхиттар мен теңіздерді, аса маңызды теңіз жолдарын ашу кезеңі |
7. Дүниежүзіндегі ең көп жаңбыр жауатын жер? | Жер шарында жауын-шашын ең көп жауатын жер Үндістандағы Черрапунджи деген жер. Мұнда 12 600 мм -ге дейін жаңбыр жауады және Гавай аралдары |
8. Дүниежүзілік мұхиттың балыққа бай аудандары | Қоңыржай ендіктер |
9. Неге Актау қаласы Астанамен салыстырғанда 1 сағат кейін жүреді? | Жалпы жер жары 24 сағаттық белдеуге бөлінеді. Қазақстан 2 сағаттық белдеу, яғни IV,V сағаттық белдеулерде жатыр.Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстары IV белдеуде, ал қалған облыстар V белдеуге жатқызылған |
10. Бәрімізге таныс Индонезия астанасы Джакарта сөзінің мәнісі қандай? | Джакарта – санскритше: «жеңіс мекені» деген мағынаны білдіреді. |