click below
click below
Normal Size Small Size show me how
Фразеологизмдер (7)
Фразеологизмдер мен олардың мағынасын сәйкестендіріңіз
| Term | Definition |
|---|---|
| Кең қолтықты, етек-жеңі кең адам | Жан дүниесі кең, рухани бай адам |
| Қалтасы қалың кісі | Бай, дәулетті адам |
| Қалтасы қағылу | Мал-мүліктен, бар дәулеттен айрылу |
| Қалтасы көтермеу | Бір нәрсеге ақшаның не жағдайдың жетпеуі |
| Қалтаға басу | Жымқыру, ұрлау |
| Бөрікті аспанға лақтыру | Қатты қуану, шаттану |
| Топырақ шашу | Біреуге кінә артып, жала жабу |
| От басу | Қателесу |
| Отпен ойнау | Қауіпті іспен айналысу |
| Отқа да, суға да бару | Біреу не бір нәрсе үшін қауіп-қатерге бару, яки маңызды адам үшін бәрін жасау |
| Мұзға отырғызып кету | Алдап кету |