click below
click below
Normal Size Small Size show me how
7 grade
Қазақ халқының қалыптасуы
Question | Answer |
---|---|
Халық | бір елдің барлық тұрғын жұрты |
«қазақ» ұғымы | «еркін», «кезбе» деген мағына береді |
«Жүз» дегеніміз | тайпалар одағының аумақтық ірі бірлестігі. |
Ұлы жүзді Ақарыс деп атайды. Оның мекендеген жерлері: | Оңтүстік Қазақстан, Жетісу (Іле, Шу, Талас өзендері, Сырдарияның жоғарғы ағысы, Алатау баурайы |
Ұлы жүз құрамы | Дулат, Албан, Суан, Сары үйсін, Сырғалы, Ысты, Ошақты, Шапырашты, Шанышқылы, Қаңлы, Жалайыр сияқты рулардан тұрады. |
Орта жүзді Бекарыс деп атаған. Оған: | Арғын, Найман, Қыпшақ, Керей, Уақ, Қоңырат сияқты тайпалар енген. |
Орта жүз тайпаларының мекендеген өңірлері | Орталық және Шығыс Қазақстан, Ертіс, Есіл, Нұра, Тобыл-Сарысу өзендерінің бойы, Алтай Тарбағатай таулары, Балқаш, Бетпақдалаға дейін созылып жатыр. |
Кіші жүзді Жанарыс деп атайды. Оның құрамына | Табын, Адай, Шөмекей, Жағалбайлы, Алшын, Шекті, Төртқара, Тама, Серкеш т.б. тайпалары жатады. |
Кіші жүздің мекендеген жері | оңтүстігінде Сырдария және Каспий теңізінің жағалауы, солтүстігі Жайық, Ырғыз, Тобыл өзендерінің бойы |
Қай хандардың тұсында олардың қоластындағы барлық халық «қазақ» деп атала бастады. Біртіндеп «қазақ» атауы, Қазақстан аумағын мекендеген, сыртқы бет-әлпеті, тілі, мәдениеті ұқсас адамдардың біртұтас біріккен тобын қалыптастырды. | Керей мен Жәнібек |