click below
click below
Normal Size Small Size show me how
Жұмбақтар
Жұмбақты оқып, жауабын табыңыз
| Жұмбақ | Жауабы |
|---|---|
| Ашылып, жабылады, Әр үйден табылады. | Есік |
| Сырғалы құлақ бір, Үн-түнсіз сұрап тұр. | Сұрақ белгісі |
| Ойдың аяқталуын күтпейді, Оны қойсаң, сөйлем бітпейді. | Үтір |
| Бірі үй күзетіп қалса да, Бірі жүрер қалтада. | Құлып пен кілт |
| Торы тай, Табанында төрт ай. | Таға |
| Көк лағым көгенде тұрып семіреді. | Қарбыз |
| Бiрi – ағаш кесу құралы, Бiрi – шырынды бал бұлағы. | Ара |
| Үсті тас, асты тас, Ортасында піскен ас. | Таба нан |
| Алыстан қарасам аппақ, Татып қарасам тәтті-ақ. | Қант |
| Қара сиырым қарап тұр, Қызыл сиырым жалап тұр. | Қазан, от |
| Үй бағады, үрмейді. | Құлып |
| Отқа жанбас, суға батпас. | Мұз |
| Табаныма байладым, қос аяқпен айдадым. | Шаңғы |
| Екі бала қатар тұрса да, бірін-бірі көрмейді. | Көз |
| Тал басында түндіксіз отау | Ұя |
| Үй үстінде ұсақ тас. | Жұлдыз |