click below
click below
Normal Size Small Size show me how
Жұмбақтар
Жұмбақты оқып, жауабын табыңыз
Жұмбақ | Жауабы |
---|---|
Ашылып, жабылады, Әр үйден табылады. | Есік |
Сырғалы құлақ бір, Үн-түнсіз сұрап тұр. | Сұрақ белгісі |
Ойдың аяқталуын күтпейді, Оны қойсаң, сөйлем бітпейді. | Үтір |
Бірі үй күзетіп қалса да, Бірі жүрер қалтада. | Құлып пен кілт |
Торы тай, Табанында төрт ай. | Таға |
Көк лағым көгенде тұрып семіреді. | Қарбыз |
Бiрi – ағаш кесу құралы, Бiрi – шырынды бал бұлағы. | Ара |
Үсті тас, асты тас, Ортасында піскен ас. | Таба нан |
Алыстан қарасам аппақ, Татып қарасам тәтті-ақ. | Қант |
Қара сиырым қарап тұр, Қызыл сиырым жалап тұр. | Қазан, от |
Үй бағады, үрмейді. | Құлып |
Отқа жанбас, суға батпас. | Мұз |
Табаныма байладым, қос аяқпен айдадым. | Шаңғы |
Екі бала қатар тұрса да, бірін-бірі көрмейді. | Көз |
Тал басында түндіксіз отау | Ұя |
Үй үстінде ұсақ тас. | Жұлдыз |