Question | Answer |
Барлық саланы қамтитын және үздіксіз өсуді қамтамасыз ететін жаңғыру жолы. | «Қазақстан-2050» Стратегиясы |
Халықтың өмірін жарқын ете түсетін нақты практикалық істер бағдарламасы. | Стратегия |
Мен Қазақстанда ... бірқатар қағидаттары мен стандарттарын енгізу жөнінде міндет қойдым. | ...Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының... |
2050-ге дейінгі қалған жылдар жеті бесжылдыққа бөлінеді, олардың мақсаты. | Дамыған 30 елдің қатарына кіру мәселесі. |
Аграрлық ғылымды дамытудың орнына ҚР Президенті нің ұсынысы. | Сынақтық аграрлық-инновациялық кластерлер құру қажет. |
Мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу шарасын қолға алу міндеті. | «Нұр Отан» партиясына жүктелген міндет. |
Үкімет жылдың соңына дейін Астана және Алматы қалаларында агломерациялар қалыптастырудың 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиясы жобасын әзірлеуі керек. Агломерация дегеніміз... | Экономикалық, мәдени және тұрмыстық жағынан бір-бірімен тығыз байланысты елді мекендердің (әсіресе қалалардың) шағын аумаққа топтануы, шоғырлануы. Урбандалу процестерінің бірі және негізінен индустралдық аймақтарға ғана тән құбылыс. |
Егеменді дамудың 22 жылында барша қазақстандықтарды біріктіретін, ел болашағының іргетасын қалаған басты құндылықтар жасалды. Соның бірінші құндылығы. | Қазақстанның тәуелсіздігі және Астанасы. |
"Оны жүзеге асыратын да, жемісін көретін де сіздер. Өз жұмыс орындарыңызда отырып, осы жұмысқа әрқайсысыңыз атсалысыңыздар. Немқұрайлылық танытпаңыздар.
Елдің болашағын барша халықпен бірге жасаңыздар!"-Бұл сөздер ... арналған. | Жастарға арналған сөз. |
Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы – ... | ... Мәңгілік Ел! |